2025 жылғы 26 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барады, онда ҮЕҰ-мен, арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен және оларды ұсынатын ұйымдардың ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізіп, сонымен бірге азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Кездесулер барысында балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау мәселелері талқыланады.
Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбекмині ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.