C. Жақыпова Наурыз мерекесімен құттықтады

C. Жақыпова Наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тіледі.

«Құрметті отандастар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі – Ұлыстың ұлы күні, әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – табиғат пен тіршіліктің жаңаруын, мейірім мен ізгілікті, татулық пен бірлікті дәріптейтін ерекше мереке. Еліміз үшін бұл айтулы күн барша халықты біріктіретін, татулық пен құндылықтарды насихаттайтын тамаша күнге айналды. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!

Әз-Наурызда елімізде тыныштық болып, халқымыздың ынтымағы мен бірлігі арта берсін! Көктемнің жаңару мейрамында шаңырақтарыңызда шаттық, тұрақтылық пен үйлесімділік орнасын!

Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға ынтымақ пен бақ-береке, ашық аспан тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» – деді Светлана Жақыпова мерекелік үндеуінде.