А. Сарбасов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

А. Сарбасов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

2024 жылғы 4 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады, жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Кездесулер барысында әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, еңбек құқықтарын қорғау мәселелері және халықты әлеуметтік қолдау шаралары талқыланатын болады.

Бірінші вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбекмині ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 03.

Азаматтарды белсенді қатысуға және сұрақтар қоюға шақырамыз.