Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ведомство басшысы бұйрығының жобасын (бұдан – Жоба) әзірледі. Құжат жария талқылау үшін 2024 жылғы 26 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды.
Қағидаларға негізгі түзетулер (өзгертулер мен толықтырулар) мыналарды көздейді:
Осы Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Құжатпен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15165711 сілтемесі бойынша «Ашық НҚА» порталынан толығырақ танысуға болады.