С. Жақыпова А. Байменовпен әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелерін талқылады

С. Жақыпова А. Байменовпен әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Әлихан Бәйменовпен кездесу өткізді. Ведомство басшысы және Қазақстанның белгілі саяси қайраткері әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелерін талқылап, осы бағыттағы тығыз өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Светлана Жақыпова жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және Халықтың көші-қоны салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) іске асырған жаңа цифрлық шешімдер туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, министр қазақстандықтарға жұмыспен қамту саласында қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік беретін цифрлық экожүйе ретінде Электрондық еңбек биржасының дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Светлана Жақыпова азаматтардың мемлекет тарапынан қолдау алу құқықтары туралы электрондық хабарлама болып табылатын және әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдердің 10 түрін белсенді тағайындауға мүмкіндік беретін отбасының цифрлық картасын енгізу нәтижелеріне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдірудің жаңа тәсілдері туралы хабардар етті.

Келіссөздер барысында тараптар мемлекеттік бюджет қаражатынан да, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға да қолдау шараларын жаңғырту, оны тағайындау және көрсету процестерін оңтайландыру және цифрландыру арқылы азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Светлана Жақыпова мен Әлихан Бәйменов тығыз ынтымақтастық және жаңа тәсілдерді бірлесіп әзірлеу туралы уағдаласты, олар алдағы уақытта Еңбекминінің Қоғамдық кеңесіне сараптамалық қоғамдастық өкілдерін шақыра отырып таныстырылатын болады.