С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

С. Жақыпова азаматтарды қабылдады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 13 адамның мәселелерін қарады.

Қазақстандықтар өмір сүру сапасын арттыру және мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау, түрлі әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, кәсіпкерлікті дамыту үшін  гранттар мен шағын несиелер беру, жұмысқа орналастыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және т.б. мәселелерімен министрге жүгінді.

Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.