Қазақстан делегациясы БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінде Ұлттық баяндаманы таныстырды

Қазақстан делегациясы БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінде Ұлттық баяндаманы таныстырды

4-5 наурызда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова бастаған делегация БҰҰ-ның Женевадағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның орындалуы туралы 1-ші Ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Баяндама) қорғау бойынша іс-шараға қатысты.

Делегация құрамына ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, Бас Прокуратураның, Сот әкімшілігінің өкілдері кірді.

Қазақстан делегациясы іс-шара барысында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның барлық 33 бабын іске асыру жөніндегі міндеттемелерді оны Республикамыз ратификациялаған сәттен бастап орындау бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы толық ақпарат берді. Атап айтқанда, БҰҰ комитетіне мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың қоғамға әлеуметтік кірігуі, сот төрелігіне қол жеткізу, қоршаған ортаға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, инклюзия және т. б. шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Баяндаманы қорғау барысында БҰҰ Комитетінің мүшелері интерактив форматында инклюзия, кемсітпеушілік және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне басқалармен тең дәрежеде толыққанды қатысуы үшін кедергілерді еңсеру тақырыптары бойынша мәселелер қаралды. Қазақстан делегаттары осы сұрақтардың әрбір блогы бойынша толыққанды жауаптар беріп, барлық қажетті статистикалық деректерді ұсынды.

Баяндаманы қорғау қорытындысы бойынша БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитеті осы саладағы жағдайды жақсарту жөнінде ұсынымдар шығарады, мемлекет оларды болашақта тиімді орындау тұрғысынан қарайтын болады.