«Ашық НҚА» порталында шетелдіктердің ықтиярхатты алуын жеңілдететін сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне өзгерістер енгізу жобасы жарияланды

«Ашық НҚА» порталында шетелдіктердің ықтиярхатты алуын жеңілдететін  сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне өзгерістер енгізу жобасы жарияланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің ұсыныстары негізінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптер тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр.

Бұл тізімге денсаулық сақтау, жаратылыстану ғылымдары, өңдеу өнеркәсібі, IT-технологиялар, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және басқа да салалардағы мамандықтар кірді. 

Салалық мемлекеттік органдар ұсынатын өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, тізбеде барлығы  сұранысқа ие 51 кәсіп қарастырылады.

Тізбеде көрсетілген мамандықтары бар шетелдіктер ішкі істер органдарында тұруға ықтиярхатты оңайлатылған тәртіппен ресімдей алады. Тұруға ықтиярхат 10 жылға не паспорттың қолданылу мерзіміне беріледі.

НҚА жобасымен төменде көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14956397