Қазақстандықтарға Еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы ақпарат – жалған (фейк)

Қазақстандықтарға Еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы ақпарат – жалған (фейк)

Әлеуметтік желілерде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.