О. Ордабаев Алматы облысының тұрғындарымен кездеседі

О. Ордабаев Алматы облысының тұрғындарымен кездеседі

2023 жылғы 17 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Кездесуде әлеуметтік-еңбек саласының, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланады.

Вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), электрондық үкімет порталы Egov.kz,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.

Азаматтарды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне сұрақтар қойып, кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.