С. Жақыпова БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі К. Вавьерниамен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

С. Жақыпова БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі К. Вавьерниамен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниямен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021-2023 жылдарға арналған «Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау және белсендіру бағдарламаларының тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру» бірлескен жобасы аясындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған «Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің инфрақұрылымы мен сервистеріне тең мүмкіндіктер және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасын іске асыру перспективалары талқыланды. 

Сонымен бірге Светлана Жақыпова Катаржина Вавьернияға Отбасының цифрлық картасының жұмыс принциптері туралы хабарлады. Ол адамдар мен отбасылардың тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге әрі әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей отандық цифрлық шешім.