Еңбекмині өкілдері ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

Еңбекмині өкілдері ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері Балташ, Күлпаш Сұңқарбековтер мен Мәкен, Баян Қайыровтардың үйіне арнайы барып, Министрлік атынан Қарттар күні мерекесімен құттықтады.

Сұңқарбековтер мен Қайыровтар отбасы өздерінің жетістіктері және естен кетпес естеліктерімен бөлісті. Ербол Оспанов оларға Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда атқарған қажырлы еңбегі және ел игілігі жолындағы көп жылғы қызметі үшін алғыс айтып, зейнеткерлерге зор денсаулық және ұзақ өмір тіледі.

Вице-министр қарттарымызға гүл шоқтары мен азық-түлік себетін сыйға тартты.