Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерді төлеуге демеуқаржы төлеу туралы ақпарат - жалған

Зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерді төлеуге демеуқаржы төлеу туралы ақпарат - жалған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен барлық зейнеткерлерге коммуналдық қызмет бағасының өсуіне байланысты материалдық көмек көрсетілетіндігі туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды.

Себебі, Үкімет тарапынан дотациялық қаржылық көмек көрсету туралы қаулы қабылданған жоқ. Сол себепті бұл ақпарат жалған. 

Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының аясында жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеке тұрғын үйді ұстауға кеткен шығындар арасындағы айырмашылықты өтеуге және осы мақсаттарға арналған шығыстарының шекті деңгейінде тұрғын үй көмегін көрсету қарастырылғанын хабарлаймыз.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттарды egov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығында тапсыруға болады.

Толығырақ ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы алуға болады: https://egov.kz/cms/ru/articles/housing_relations/housing_benefit.