Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО-дағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды

Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті СҚО-дағы жазатайым оқиғаны тергеу үшін комиссия құрды

ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы адам шығыны орын алған жазатайым оқиғаны тергеу үшін  облыстың мемлекеттік еңбек инспекторының басшылығымен арнайы комиссия құрды.

Жазатайым оқиға 2023 жылдың 1 тамызында «EMC Agro» ЖШС-де болды.

Кәсіпорын басшылығы жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін төрт қызметкер шошқа кешенінің аумағынан шықпағанын анықтады. Оларды іздеу барысында шошқа кешені өндірісінің қалдықтарын жинауға және айдауға арналған кәріз құдығынан 4 қызметкердің мәйіті табылды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып, қосымша хабарланатын болады.