Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі жобалау кеңсесі (бұдан әрі – ҰБЖ) «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен 25 кәсіптік біліктілікті тану орталығының өкілдеріне Сareer Enbek ҰБЖ платформасының мүмкіндіктерін таныстырды.
Жобалық кеңсесінің сарапшылары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ базасында кеңес өткізді, оның барысында ҰБЖ жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды. Бұл үшін негізгі құрал Сareer Enbek Ұлттық біліктілік жүйесінің платформасы болады, ол бағалауды ұйымдастыру, сондай-ақ біліктіліктер мен дағдыларды тану процестерін автоматтандыруға, ҰБЖ құралдары бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге және т. б. мүмкіндік береді.
Кеңеске қатысушыларға платформаның мүмкіндіктері: аккредиттелген кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын тіркеу, жеке кабинеттерде профильдерді толтыру және платформаның қалған жоспарланған функционалы көрсетілді.
Жобалық кеңсе сарапшыларының айтуынша, Career Enbek көмегімен кәсіптік біліктілікті тану үшін электрондық өтінім қалдыруға, емтиханға жазылуға және алынған сертификаттарды көруге болады. Өз кезегінде қолда бар деректер негізінде бірыңғай база қалыптастырылатын болады.
Сонымен қатар пайдаланушыларға онлайн режимінде оқуға мүмкіндік беретін Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасы көрсетілді.