Еңбек министрлігінде «Менің туым - менің мақтанышым!» патриоттық акциясы өтті

Еңбек министрлігінде «Менің туым - менің мақтанышым!» патриоттық акциясы өтті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) ұжымы 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізді.

Патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында 2 маусым күні сағат 10.00-де Министрліктер Үйі ғимаратының холлында Еңбекмині қызметкерлері Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында танымал «Kahoot» онлайн-алаңы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін шыңдауға арналған зияткерлік викторина ұйымдастырылды.

Сонымен қатар 3 маусымда ЕХӘҚМ орталық аппаратының, комитеттерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыстар өткізу жоспарланған.