Т. Дүйсенова БАҚ өкілдеріне Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып берді

Т. Дүйсенова БАҚ өкілдеріне Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы айтып берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «ЕРДО» АҚ алаңында республикалық БАҚ өкілдеріне арналған семинар өткізді. Іс-шара барысында Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары түсіндірілді.

Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова өз сөзінде құжаттың негізгі новеллалары Отбасының цифрлық картасын енгізу, азаматтарға атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерін жетілдіру, халықты жұмыспен қамту саласында жаңа тәсілдерді енгізу болып табылатынын айтты.

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа журналистерге Әлеуметтік әл-ауқатты айқындау әдістемесінің негізгі қағидаттары туралы айтты, ал вице-министр Ербол Оспанов бұл әдістемені азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын проактивті көрсету және отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін Отбасының цифрлық картасы қалай қолданатынын түсіндірді.

Семинар соңында Тамара Дүйсенова БАҚ өкілдеріне осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізуді ұсынды.