Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 426 кәсіпорында 13,6 мың жұмыскердің алдында 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 445 нұсқама беріліп, 64,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,4 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,1 млрд теңге төленді.