
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын адамдардың бастамашыл тобының өкілдерімен кезекті кездесу өтті.
Кездесуге Ғылым және жоғары білім, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Бас прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.
Талқылау барысында ата-анасының біреуінсіз (қайтыс болуына байланысты) қалған балалары бар отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды көздейтін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі бастамашыл топтың ұсыныстары қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар барлық айтылған ұсыныстар бойынша өз ұстанымдарын жазбаша түрде білдіретіні туралы шешім қабылданды.