Шымкент қаласында аутизм спектрі бұзылған және басқа да ауытқулары бар балаларға арналған «Қамқорлық» күндізгі емдеу орталығы ашылды.
Салтанатты шараның ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов, «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен «Samruk- Kazyna Trust» корпоративтік қорының өкілдері қатысты.
«Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған «Қамқорлық» бастамасының үшінші кезеңін жүзеге асыру аясында жергілікті мемлекеттік органдармен еліміздің 8 өңірінде мыңнан астам баланы қамтитын орталықтарды ашу жұмыстары жүргізілуде. Барлық аймаққа орталық қызметінің және интерьер дизайнның бірыңғай тұжырымдамасы жолданды», - деп өтті Ербол Оспанов.
Жаңа орталықтардың ашылуы аутизм спектрі бұзылған және басқа да ауытқулары бар балаларға сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді. Әрбір орталық 125 адамға қызмет ету арналған.