Зейнетақыны 30-50%-ға көтеру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Зейнетақыны 30-50%-ға көтеру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50% - ға арттыру туралы шындыққа жанаспайтын және интернет-алаяқтық белгілері бар ақпарат таратылды.

Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.

Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз.

Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз.