О. Ордабаев Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

О. Ордабаев Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Павлодар облысына жұмыс сапары аясында бірқатар мекемелерге барып, өңір тұрғындарымен кездесулер өткізді, оның барысында ол әлеуметтік-еңбек саласындағы жаңалықтар туралы айтты.

Вице-министр жұмыс сапарын аймақ активімен кездесуден бастады. Іс-шараға қалалар, аудандар әкімдерінің орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері және т. б. қатысты.

Олжас Ордабаев өз сөзінде қазақстандықтарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін шаралар кешенін іске асыру барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Үш негізгі бағыт – ұлттық жобаларды іске асыру, жұмыс берушілерден бос жұмыс орындарға жұмысқа орналастыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасын іске асыру шеңберінде республика бойынша соңғы деректерге сәйкес 200 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл ретте Павлодар облысы бойынша 5,6 мың адам жұмысқа орналастырылды», – деп бөлісті ол.

Сондай-ақ, вице-министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін биылғы жылы жастарға кәсіпкерлік бастамаларды құруға және дамытуға жеңілдікті микрокредиттер берудің жаңа тетігін іске асыру басталғанын, оның шеңберінде Павлодар қаласы бойынша 2023 жылы 157 микрокредит беру жоспарланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Олжас Ордабаев кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттануды азайту, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша жүйелі шаралар жүргізу қажеттігін атап өтті.

«ERG» ЖШС оқу орталығының қызметкерлерімен кездесуде вице-министр қолданыстағы еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат туралы айтты.

«Халықты жұмыспен қамтудың жаңа саясаты азаматтардың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесуден еңбекке қабілетті азаматтардың барлық санаттарын нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшуді көздейді. Ол жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансаптық орталықтарға айналдыруды және қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейді», – деп хабарлады Олжас Ордабаев.

Оның айтуынша, іске асырылатын тағы бір маңызды бағыт – кәсіби дағдыларды, оның ішінде өз бетінше алған дағдыларды, сондай-ақ формалды емес және информалды білім беру нәтижелерін тану шарттарын заңнамалық деңгейде бекіту болып табылады. Бұл жұмыс іздеушілердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандықтар үшін өз біліктілігін үнемі арттыруға ынталандырады.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында вице-министр ҮЕҰ өкілдерімен, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жеке балалар орталықтарының қызметкерлерімен, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларының іске асырылу барысы және жақында Парламент Сенаты қабылдаған ҚР Әлеуметтік кодексі туралы айтты.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдер жүйесімен ұсынылған балалы отбасыларды қолдаудың ұлттық моделі құрылды.

Мәселен, 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу мерзімі бір жарым жасқа дейін ұзартылды. Павлодар облысы бойынша бұл қолдауды 1,9 мың ана алды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама заттай түрден монетизацияланған форматқа ауыстырылды. Бұл шара 3,7 мыңға жуық балаға қатысты», – деді Олжас Ордабаев.

Сондай-ақ, вице-министр Әлеуметтік кодексте «марапатталған аналар» деген жаңа ұғым енгізілгенін айтты. Бұл мәртебе көпбалалы ананың еңбегін құрметтеу және мойындау ретінде «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендермен марапатталған әйелдерге өмір бойы берілетін болады.

Бұдан басқа Әлеуметтік кодекс шеңберінде іске асырылатын бағыттардың бірі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау болып табылады, оның шеңберінде интернат-үйлерді ірілендіру және әлеуметтік қызмет көрсетудің шағын жинақталған ұйымдарында қызметтер көрсетуге көшу жүргізіледі. Әлеуметтік қызмет көрсетуге арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың жұмыссыз отбасы мүшелері тартылатын болады.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, соның ішінде цифрландыруды дамыту және өтініш беруден қызметтерді көрсетудің анықтау форматына көшу, сондай-ақ олардың қолжетімділігін арттыру есебінен де қамтамасыз етілетін болады. Олжас Ордабаев бұл міндетке қол жеткізудің негізгі құралы ретінде Отбасының цифрлық картасын атады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасын әзірлеп, іске қосты, онда әрбір отбасының өмір сүру деңгейіне автоматты мониторинг жүргізу мүмкіндігі іске асырылды. Ол сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы электрондық хабарламаның бір түрі болып табылады», – деп бөлісті вице-министр.

Жұмыс сапары барысында вице-министр сондай-ақ «Альрами» клуб үйіне, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына, облыстық балаларды оңалту орталығына және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтуға арнайы қызмет көрсету орталығына барады. Олжас Ордабаев ұйымдардың ұжымдарымен кездесулер өткізіп, халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған шаралар туралы әңгімелейді.