Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмыскердің алдында 1,7 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді.