2022 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

2022 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды

2022 жылы «Күміс жас» зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде 3080 адам жұмысқа орналастырылды.

Зейнетке шыққанға дейін зейнеткерлікке дейінгі жастағы адамдарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін бұл жоба 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде іске қосылды.

Жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Алматы (570 адам), Түркістан (516 адам) және Қарағанды (322 адам) облыстарында байқалады.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жобаны іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді оған 50 жасқа толған адамдар қатыса алады. Бұл ретте мемлекеттен жұмыс берушіге жұмысқа орналастырылған жобаға қатысушылардың жалақысының белгіленген мөлшерінің 60-тан 70%-на дейін, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде субсидиялар төленетін болады.

«Күміс жас жобасына қатысу ұзақтығы 36 айға дейін. Осыдан кейін жұмыс беруші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге, ал зейнеткерлік жасы алдындағы (58 жастан асқан) адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына орналастырады», - деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Айжан Жапалбаева.

Ағымдағы жылдың басынан бері осы жобаны жергілікті жерлерде іске асырудың қатысушылар тарапынан ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілерден де оң мысалдары атап өтілді.

               «Мен қоғамдық тамақтандырумен айналысамын, менің «Минутка» асханам Әулиекөлдің орталығында орналасқан. Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырып, онда мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындары туралы айтып берді, мен «Күміс жас» жобасына қызығушылық таныттым, өтінім бердім. Ал 1 ақпаннан бастап маған 2 әйел жіберілді - Людмила Райзер мен Светлана Майор. Мен мемлекеттен жұмыс берушілер де, 50 жастан асқан, жұмыс табу қиынырақ адамдар да қолдау алатынына қуаныштымын», - деп бөлісті өз ойымен жеке кәсіпкер Қарлығаш Рахматуллина.