ЕХӘҚМ басшысы ЮНИСЕФ ұйымның өкілдерімен кездесу өткізді

ЕХӘҚМ басшысы ЮНИСЕФ ұйымның өкілдерімен кездесу өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Балалар ұйымының (бұдан әрі – ЮНИСЕФ)  Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизенмен Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласының дамуы мен ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөз өткізді.

Іс-шара барысында халықаралық ұйымның өкілі мемлекеттік органның әлеуметтік-еңбек саласындағы атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өтті, атап айтсақ, бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін бір жарым жасқа дейін ұлғайту және Отбасының цифрлық картасын енгізу.

Министрлік басшысы Артур ван Дизенмен Әлеуметтік кодекс жобасын талқылап, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасын қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын, кедейлік шегін анықтау әдістемесін, арнайы әлеуметтік қызмет институтының дамуы мен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар мәселелерді қарастырды.