Дағдыларды сертификаттау қазақстандықтарға өздерінің кәсіби біліктілігін растауға мүмкіндік береді

Дағдыларды сертификаттау қазақстандықтарға өздерінің кәсіби біліктілігін растауға мүмкіндік береді

Бірқатар отандық БАҚ-та дағдылар мен құзыреттерді бағалау және сертификаттау жүйесін енгізуге қатысты «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасының нормасы туралы ақпараттың дұрыс берілмеуі қоғамның сертификаттауға қатысты новелланы дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтыруда. Құжат формальды, бейресми және информальды білім беру кезінде алынған кәсіби дағдыларды тануды қарастырады. Сертификаттау қазақстандықтарға өз біліктілігін растауға мүмкіндік береді, бірақ оқу орындарын бітіргені туралы дипломдардың күшін жоймайды.

Соңғы жылдары Қазақстанда жұмыс берушілер оқу орындарының түлектерінің кәсіби даярлау деңгейіне әрдайым қанағаттанбайтын және жұмысқа қабылдау кезінде олардың басым бөлігі тәжірибесінің болуы туралы талап қоятын үрдіс байқалады. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болады.

«Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасы білім беру жүйесін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту арқылы жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстырады. Яғни, білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмаларына немесе кәсіптік стандарттар деп аталатындарға сәйкес әзірленетін болады. Бұл туралы осы жылғы 5 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министр сертификаттау жүйесі енгізілетінін айтты. Сертификат тәжірибеде қажет білім, еңбек дағдылары мен біліктілігін бағалағаннан кейін беріледі. Бұл ретте оларды формальды, сондай-ақ бейресми және информальды білім иелері де ала алады.

Бірқатар БАҚ-та ақпараттың қате берілуін ескере отырып, кәсіби дағдыларды сертификаттауды енгізу оқу орындарын бітіргені туралы дипломдардың күшін жоймайды, бірақ азаматтарға жұмыс берушілер тарапынан үлкен сұранысқа ие болу үшін өз біліктіліктерін растауға мүмкіндік беретінін нақтылаймыз.

Заң жобасында кәсіптік дағдылар мен құзыреттерді тану міндетті түрде жүзеге асырылатын кәсіптер тізбесін қалыптастыру көзделеді, яғни оқу орындарының түлектері мен қазірдің өзінде жұмыс істейтін мамандар өз біліктілігін растауы қажет болады. Осы тізілімге енгізу үшін ұсыныстарды мемлекеттік органдар мен салалық кеңестер енгізетін болады.

Өзге мамандықтар бойынша түлектер мен қызметкерлер біліктіліктерін өз еркімен растай алады.

Бейресми және информальды білім беруді тануды ескере отырып, сертификаттауды енгізу қазақстандықтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. 

Мысалы, жақсы ас дайындауды білетін адам, егер қажетті кәсіби дағдылар болса, тиісті аспазшы сертификатын алып, жұмысқа орналасу кезінде осы құжатты білім туралы дипломмен қатар қолдануға мүмкіндігі бар.  

Сертификаттау біліктілікті танудың мамандандырылған орталықтарында жүзеге асырылады және қызметкерлерді өмір бойы құзыреттерін жетілдіруге ынталандыратын болады.