Қазақстандықтар проактивті қызметтерді ЕДБ қосымшаларында push-хабарламалар арқылы ала алады

Қазақстандықтар проактивті қызметтерді ЕДБ қосымшаларында push-хабарламалар арқылы ала алады

Қазақстанда көрсетілетін қызметті алушыларға Екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) мобильдік қосымшаларына push-хабарламалар жіберу арқылы проактивті қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру басталды.

Бүгінгі күні қандай да бір өмірлік жағдай туындаған кезде азаматтарға проактивті форматта қызмет көрсету үшін SMS-хабарламалар жіберіледі. Мысалы, бала туған кезде ата-анаға бала тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі, оны тағайындау үшін осы хабарламаға келісіммен жауап беру жеткілікті.

Азаматтарды проактивті қызметтермен кеңінен қамту үшін және ыңғайлы болу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп ЕДБ қосымшаларына push-хабарламалар жіберу арқылы проактивті қызметтер көрсету мүмкіндігін іске асырды. Принцип бірдей, яғни белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде push-хабарлама жіберіледі және пайдаланушының оң жауабы болған жағдайда оған тиісті төлемдер тағайындалады.