ЕХӘҚМ кәсіпкерлердің реттеуші функциялары нормаларының ықтимал өзгерістері бойынша жұмыс жүргізуде

ЕХӘҚМ кәсіпкерлердің реттеуші функциялары нормаларының ықтимал өзгерістері бойынша жұмыс жүргізуде

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сарапшылары кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін енгізу шеңберінде 2 жұмыс тобының құрамында еңбек қатынастары және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы құқықтық актілерге ықтимал өзгерістерді талқылайды.

Бұл жұмыс Мемлекет Басшысының 2020 жылғы Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан» реттеуді енгізу мақсатында «Атамекен» ҰКП және бизнес-қауымдастықтар қатарындағы салалық сарапшылармен бірлесіп жүргізілуде.

Еңбек қатынастары, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ жұмысқа орналастыру саласындағы реттеу актілеріне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Жоғарыда аталған салаларда барлығы 35-тен астам заңнамалық және заңға тәуелді құқықтық актілерді қарау жоспарлануда.

Оларды зерделеу қорытындылары бойынша жұмыс топтары кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізіліміне енгізу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылатын реттеушілік актілерге талдау жасайды.