ЕХӘҚМ Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Миссиясын қабылдады

ЕХӘҚМ Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының  Миссиясын қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) басшылығы Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы (бұдан әрі – ХКК) Миссиясының делегациясымен кездесті. Тараптар лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және еңбек саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Қазақстаннан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Екатерина Смышляева және Юрий Жулин қатысты. Халықаралық қауымдастықтың атынан ХКК Бас хатшысының орынбасары Оуэн Тудор, ХКК бүкілеуропалық кәсіподақтар кеңесінің президенті Ираклий Петриашвили, сондай-ақ Әзірбайжан, Ресей, АҚШ, Франция және Германия елдерінің кәсіподақ ұйымдары мен ҮЕҰ басшылары қатысты.

Диалог барысында Тамара Дүйсенова еліміздің кәсіподақ бірлестіктерінің маңыздылығын арттыру, олардың құқықтарын нығайту және еңбек саласын реттеуге ықпал ету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Қазақстанда Кәсіподақтар туралы заң жұмыс істейді, онда олардың рөлі мен функциялары жазылған. Ел Конституциясында мемлекет кәсіподақтардың жұмысына араласа алмайды деп бекітілген.

Біздің елімізде кәсіподақ қозғалысының дамуы жанданды – бүгінгі таңда Қазақстанда 3 млн-ға жуық қызметкерді біріктіретін 3 республикалық, 56 салалық, 35 аумақтық және 370 жергілікті кәсіподақ өз қызметін жүзеге асыруда», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ, республикада үкімет, Жұмыс берушілер конфедерациясы және Республикалық кәсіподақтар бірлестіктері арасындағы Бас келісім жұмыс істеп жатқанын атап өтті, ол әлеуметтік әріптестік тараптарының қызметкерлер үшін қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасын сақтау бойынша өзара ынтымақтастығын орнатуға бағытталған.

ЕХӘҚМ басшысы лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету саясатын іске асыру және саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

«Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) 25 конвенциясы ратификацияланды, олар бойынша міндеттемелер елдің еңбек заңнамасына имплементацияланған.

Қазіргі уақытта республикалық кәсіби бірлестіктермен бірлесіп «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» №131 және «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қысымшылықты жою туралы» №190 конвенцияларды ратификациялау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ барлық мүдделі тараптармен, оның ішінде Парламентпен «Қауымдастықтар бостандығына және ұйымдастыру құқығын қорғауға қатысты» №87 Конвенция бойынша ХЕҰ ұсынымдарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Кәсіподақтар туралы заңнамаға түзетулер әзірленді», - деді Тамара Дүйсенова.

Бұдан басқа Министр ХКК Миссиясының делегаттарына ЕХӘҚМ құқықтық салада икемді және платформалық Жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін және қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шараларын бекітуді көздейтін әлеуметтік Кодекс жобасын әзірлеу аяқталғанын хабарлады.

Өз кезегінде ХКК Бас хатшысының орынбасары Оуэн Тудор Қазақстанның ХЕҰ конвенцияларын ратификациялау, Кәсіподақтар туралы заңнаманы жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу бойынша жүргізіп жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтті.

«Сіз платформалық жұмыспен қамту бойынша жүргізетін жұмыс өте маңызды. Біз халықаралық тәжірибе мен тәжірибелермен бөлісуді ұсынуға дайынбыз», – деді Оуэн Тудор.

Кездесу соңында Тамара Дүйсенова ЕХӘҚМ Қазақстан ішінде де, халықаралық деңгейде де әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарымен ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.