Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 499 кәсіпорнында 12,6 мың жұмыскердің алдында 2 млрд 845 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 414 нұсқама беріліп, 67,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң сақталуы тиіс кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 9,9 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2 млрд 319,7 млн теңге төленді.