ЕХӘҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі ЕӘҚКК аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне қызметтік әдеп стандарттарын түсіндіреді

ЕХӘҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі ЕӘҚКК аумақтық департаменттерінің қызметкерлеріне қызметтік әдеп стандарттарын түсіндіреді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Өркен Алшынбаева Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі - ЕӘҚКК) қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын және қызметтік әдеп стандарттарын түсіндіру үшін Қазақстанның батыс өңірлеріне барды.

Алшынбаева алғашқы кездесуін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлерімен өткізді. Іс-шара барысында ол мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, тәртіптік жаза қолдану және мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы айтты. Сондай-ақ, кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл этикалық стандарттарды қолданудың шетелдік тәжірибесі туралы хабардар етті.

 «Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, заңдылық пен прагматизм әрқайсымыздың ішкі құндылық сенімімізге айналуға тиіс. Сіздердің әрқайсыларыңыз қоғамдағы тәртіпті сақтайтын жоғары кәсіби және лайықты мемлекеттік қызметші болатындарыңызға сенімдімін», ­­- деді Өркен Алшынбаева кездесу соңында.

Жұмыс сапары барысында ЕХӘҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы ЕӘҚКК аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізеді.