2022 жылдың басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2022 жылдың басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 93,5 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 22,8% және зейнеткерлер саны 14%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 46,6%-ы жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.