Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба қатысушыларының саны 146 мыңнан асты

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба қатысушыларының саны 146 мыңнан асты

1 мамырдағы жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға қатысушылардың саны 146,5 мыңнан асты. 136,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның 69,8 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Жұмыс берушілердің өтініші бойынша 1,3 мың адам оқу үшін оқыту ұйымдарына жіберілді.

Өз кәсібін бастау үшін 1 мың адам мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 70,7 мың адам орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 10,7 мың, жастар практикасымен 7,4 мың, қоғамдық жұмыстармен 51,6 мың адам қамтылды. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 869, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 114 адам жұмыспен қамтылды.    

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көрсетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кәсіптік-техникалық ұйымдарда оқытылды.   

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.