Т. Дүйсенова «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

Т. Дүйсенова «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауында онлайн қабылдау өткізді. Екі сағатқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген 11 адамның мәселесін қарады.

Азаматтар министрге жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау, еңбек өтілін есепке алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру, санаторий-курорттық қызметтер көрсету және инватакси, сондай-ақ мүгедектікті тағайындау, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер бойынша көмек және кеңес алу үшін жүгінді.

Тамара Дүйсенова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың өтініштері бойынша толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді министр жеке бақылауға алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырма берді.