2021 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 23,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2021 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 23,3 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2021 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1031 кәсіпорнында 25,4 мың жұмыскердің алдында 5,8 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1198 нұсқама беріліп, 147,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,3 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді.