ҚР Еңбекминінің қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтықтан жұмыс істей береді

ҚР Еңбекминінің қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтықтан жұмыс істей береді

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қоғамдық қабылдауы 2022 жылғы  сәуірге  дейін жұмысын қашықтықтан жалғастырады.

Барлық өтініштер электронды түрде Еңбекминінің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы, ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы және «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) барлық азаматтардың өтініштерін  қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ  8 (7172) 74 36 03, 74 36 79 нөмірлеріне хабарласуға болады.