Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеев ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеев ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеев ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизенмен кездесу өткізді. Кездесу барысында бірлескен ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Кездесуде Р.К. Сәкеев ЮНИСЕФ-пен арадағы қарым-қатынастар сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастық аясында дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Министрлік ЮНИСЕФ-пен өзара іс-қимылды нығайтуға үлкен мән береді.

2018-2020 жылдары «Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер көрсету шеңберінде әлеуметтік жұмыстың тиімді жүйесін дамытуды техникалық қолдау» жобасы іске асырылды.

Жоба аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында көзделген әлеуметтік қолайсыздықты болдырмау мақсатында әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің кешенді моделін енгізу міндетін іске асыруға бағытталған ынтымақтастық жүзеге асырылды.

АӘК алушылардың арасынан балалы отбасыларды қолдауды күшейтуге және жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған «Бенефит плюс» пилоттық жобасы іске қосылды.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында АИТВ індетіне шалдыққан балалар мен жасөспірімдерді және олардың ата-аналарын психоәлеуметтік қолдау мен бейімдеуді дамыту» жобасы жүзеге асырылуда.

2019-2021 жылдарға арналған жоба аясында АИТВ-мен өмір сүретін балалар мен жасөспірімдердің қажеттіліктерін бағалау және зерттеу құралы әзірленді, отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсететін әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар үшін оқыту бағдарламалары бейімделді және т.б. жұмыстар атқарылды.

Сондай-ақ Р.К. Сәкеев Министрлікке Әлеуметтік кодекс жобасын әзірлеуге сараптамалық көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.