Өнеркәсіп саласындағы жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыру бойынша көшбасшылар болып табылады

Өнеркәсіп саласындағы жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлерді оқыту мен біліктілігін арттыру бойынша көшбасшылар болып табылады

Қазақстанда өнеркәсіп секторының жұмыс берушілері қызметкерлерді қосымша білім алуға жіберу бойынша көшбасшы болып табылады – жыл сайын олардың қызметкерлерінің жартысына жуығы оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Сондай-ақ, көлік, ақпарат және байланыс салаларындағы жұмыс берушілерді атап өтуге болады, олар жылына шамамен 20% жұмыскерлерді оқытады. Бұл ретте өнер және ойын-сауық, ауыл шаруашылығы (1% - дан) және білім беру (2%) салаларындағы жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бәрінен де аз қызығушылық танытады.

Бүгінгі жағдайлар және технологиялық процестердің үнемі жаңаруы дағдылар деңгейін арттыру қажеттілігіне алып келетіні сөзсіз, бұл қызметкерлерді үздіксіз оқытуды талап етеді. Бұл ретте ересектерді оқытуға қатысуды ынталандыруда жұмыс берушілер елеулі рөлге ие.

Алайда, қазіргі уақытта Қазақстанда еңбекшілердің аз ғана бөлігі оқытудан немесе біліктілігін арттырудан өтеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқытылған жалдамалы жұмыскерлердің саны 2020 жылы 484 мың адамды немесе тізімдік санның 13% - ын құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде абсолютті түрде 21% немесе 128 мың адамға азайды және соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болып табылады, бұл COVID-19 пандемиясының салдарымен байланысты. Бұл ретте 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін оқытылған қызметкерлердің саны тұрақты өсіп отырды, бұл жұмыс берушілердің өз қызметкерлерін оқытуға мүдделілігін арттыруды көрсетеді.

«Негізінен бұл үшін тиісті ресурстары мен базасы бар ірі және орта компаниялардың қызметкерлері оқытудан өтеді. Осылайша, соңғы 5 жылда оқытылған ірі және орта кәсіпорындардың орташа үлесі тізімдік санның 19% - ын құрайды, ал шағын компанияларда қызметкерлердің тек 2-3% - ы жыл сайын оқудан және біліктілігін арттырудан өтеді», – деді ҚР Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Стратегия және жобалық басқару департаментінің талдау басқармасының басшысы Ұлпан Шегенова.

Ол сондай-ақ қосымша білім беру түрлері бойынша 2016-2020 жылдар аралығында білім алғандардың құрылымы іс жүзінде өзгермейтінін хабарлады. Жалдамалы жұмыскерлердің жартысынан астамы (56%) әдетте біліктілікті арттыруға, шамамен 40%-ы – кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберіледі, қалған бөлігі (4%) өзге оқыту түрлерінен өтеді (статистикада көрсетілмейді).

Оқытылатын жалдамалы жұмыскерлердің білім деңгейі туралы айтқанда, олардың едәуір үлесінің техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар екенін (орта есеппен 20%) атап өту қажет. Сондай-ақ, көп бөлігі соңғы 5 жыл ішінде өзгермеген, орта есеппен 192 мың адамды немесе 12% - ды құрайтын жоғары білімі бар қызметкерлерге тиесілі.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытылған қызметкерлердің үлесі біршама – 2016 жылғы 35% - дан 2020 жылы 12% - ға дейін, абсолюттік азаю кезінде тек 6 мың адамға азайды. Мұндай серпін ең алдымен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар жалдамалы қызметкерлер санының (тізімдік сан) 35 мыңнан астам адамға (2016 жылғы 46 мың адамнан 2020 жылы 81,6 мың адамға дейін) ұлғаюына байланысты.

«Өңірлік бөліністе жұмыс берушілер Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облыстарында өз кадрларын оқытуға көбірек көңіл бөледі, олардың орташа үлесі тиісінше 37%, 33% және 29%-ды құрайды (тізімдік саннан). Ал оқуға жіберілетін қызметкерлердің ең азы Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында – жыл сайын орта есеппен 5-7% байқалады», – деп бөлісті Ұлпан Шегенова

Жұмыс берушілер болашақта жұмысшылар жаңа идеялар тудырып, күрделі өнімдер шығаруы үшін өз кадрларын оқытумен белсенді айналысуы керек. Біліктілікті арттыру мен қайта даярлауды қажетті ауқымда қамтамасыз ету үшін жаппай ашық оқыту курстары сияқты формальды, бейресми және қашықтықтан білім берудің сипаттамаларын, сондай-ақ еңбек нарығы үшін өзекті дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға бағытталған модульдік оқытуды біріктіретін икемді және шығыны аз оқыту нұсқалары қажет.

Бүгінгі таңда онлайн оқыту бұл мүмкіндікті ішінара шешеді. Осылайша, ҚР Еңбекмині ЕРДО - мен бірлесіп, ағымдағы жылы онлайн режимде қысқа мерзімді оқытудың жалпыұлттық порталын (skills.enbek.kz) іске қосты, мұнда кез келген адам оқи алады және оқыту нәтижелері бойынша дағдыларды игеру туралы сертификат ала алады. Қазіргі уақытта платформада 140-тан астам авторлар мен әзірлеушілердің 90-нан астам курсы (олардың 50-і тегін) бар. Аспаздық және ас әзірлеу ісі, косметикалық, заң және бухгалтерлік қызметтер, құрылыс, қонақүй және мейрамхана ісі, іс жүргізу, IT, SMM және т.б. салалардағы курстар ұсынылады, 7 мыңнан астам адам оқуды аяқтағаннан кейін сертификаттар алды.