С. Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады

С. Шәпкенов қоғамдық қабылдауда азаматтарды қабылдады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 27 қараша күні Еңбекминінің қоғамдық қабылдауында азаматтарға онлайн түрде қабылдау өткізді. 5 сағатқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының 14 тұрғынының мәселелерін қарады.

Азаматтар министрге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру, оларға оңалту және санаторий-курорттық емдеу, инватакси және жеке көмекшілер қызметтерін көрсету мәселелері бойынша көмек және кеңес алу үшін жүгінді.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, зейнеткерлікке шығу, сондай-ақ зейнетақы төлемдері және декреттік жәрдемақы тақырыптары көтерілді. Еңбекминінің басшысы сондай-ақ еңбек даулары мен жұмысқа орналасудағы қиындықтар мәселесін қарады.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.