ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн қабылдау өткізді. Қабылдау барысында ҚР Еңбекминінің басшысы 7 азаматтың мәселесін қарады.
Министрге көмек және кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Түркістан облысының тұрғындары жүгінді.
Қабылдау барысында мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету, оның ішінде мүгедектік тобын белгілеу, төлемдер тағайындау және оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ, азаматтардың еңбекақысын төлемеу, материалдық көмек көрсету және «Күміс алқа» төсбелгісін алмау проблемалары қаралды.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша ҚР Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуге тапсырма берді.