Қазақстанда ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың екінші тобын оқыту басталды

Қазақстанда ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың екінші тобын оқыту басталды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, Алматыда CST бағдарламасы бойынша ата-аналарды дамуында ерекшеліктері бар балаларға күтім жасау дағдыларына оқыту үшін жаттықтырушылардың екінші тобын дайындауды бастады.

 14 адамнан тұратын болашақ жаттықтырушылардың бірінші тобын оқыту 19-23 шілде аралығында Шымкентте өтті.

Екінші топқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Түркістан, Тараз және Шымкент қалаларынан 21 адам кірді. Қажетті білім мен дағдыларды алғаннан кейін олар отбасыларымен бірге 40 баламен айналысады.

Оқу курсына материалдарды бейімдеу, жаттықтырушыларды даярлау, мамандар мен ата-аналарды оқыту кіреді. Дамуында кідірісі бар, оның ішінде аутистік спектрдің бұзылуы байқалатын 2-9 жастағы балаларды күтіп-бағумен айналысатын адамдар аталған бағдарламаның нысаналы тобы болып табылады. Алайда6 оқу бағдарламасын норматипті балаларға да қолдануға болады.

Курстың мақсаты - ата-ана мен баланың оңтайлы өзара іс-қимылын дамыту, олардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен келісім мен өзара қарым-қатынасты дамыту, мінез-құлықты басқару дағдыларын жақсарту, бейімделу дағдыларын дамыту және отбасы өміріне қатысу арқылы жағымсыз мінез-құлықты азайту.

Сондай-ақ, жоба стресті жағдайларды басқару дағдыларын дамытуды, түйткілдерді шешуді және жалпы ата-аналардың әл-ауқатын жақсартуды көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, CST (CaregiverSkillsTrainingforFamiliesofchildrenwithdevelopmentaldisoders) – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ата-аналарға дамуы кеш немесе дамуы артта қалған балаларға күтім жасау дағдыларын үйретуге арналған бағдарламасы.

Бағдарламада мінез-құлықты қолданбалы талдау, даму туралы ғылым, әлеуметтік коммуникация іс-шаралары, оң тәрбие және өзіне-өзі қызмет көрсету әдістері қағидаттары қолданылады.

Сонымен қатар, бағдарламада нақты жағдайда не істеу керек, жақын болашақта қандай міндеттер межелеген абзал сияқты ересек тарап пен баланың өзара әрекеттесуінің қадамдық стратегиялары бар.