Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3% - ға төмендеді

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3% - ға төмендеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айында өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 938 қызметкер зардап шекті, оның 114-і қайтыс болды.

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға өсті (өткен жылдың 8 айында 912 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 12,3% - ға төмендеді (2020 жылы осы кезеңде өндірісте 130 адам қаза тапты).

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (169 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (111 адам), Павлодар (77 адам), Қостанай (73 адам), Ақтөбе (72 адам) облыстарында сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.