Әрбір қазақстандық үшін әлеуметтік төлемдер туралы таратылып жатқан ақпарат жалған болып табылады

Әрбір қазақстандық үшін әлеуметтік төлемдер туралы таратылып жатқан ақпарат жалған болып табылады

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, белгілі бір сілтеме бойынша өткен Қазақстанның әрбір азаматына 125 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем жүзеге асырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін қолдануы мүмкін екенін ескертеміз. Ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және алаяқтықтың құрбаны болмас үшін жеке мәліметтеріңізді қалдырмаңыз.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.