Еңбекминінің ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы таратылып жатқан ақпарат жалған болып табылады

Еңбекминінің ақшалай сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы таратылып жатқан ақпарат жалған болып табылады

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Еңбекмині мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізбейді.

Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды шоттар мен банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.