Д. Арғындықов жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту және Электрондық еңбек биржасын дамыту туралы хабардар етті

Д. Арғындықов жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту және Электрондық еңбек биржасын дамыту туралы хабардар етті

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты жұмыспен қамту орталықтарының (бұдан әрі – ХЖҚО) жұмысын жаңғырту және Электрондық еңбек биржасын (бұдан әрі – ЭЕБ) дамыту туралы айтты.

Өз сөзінің басында спикер COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысы халыққа жұмыс іздеуге байланысты мәселелерді шешуге көмектесу үшін маңызды екенін атап өтті.

«Аудандар мен қалалардағы 203 жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілер үшін жұмыссыз ретінде тіркелу қызметін, жұмыс іздеуде және әлеуметтік көмек алуда – жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем мен атаулы әлеуметтік көмек алуда қолдау көрсетеді. Түрлі себептермен тез жұмыс таба алмайтын азаматтарға ХЖҚО «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұсынады. 2021 жылдың басынан бері жұмыс тәжірибесі жоқ 16 мың жас азамат оқу орындарын бітіргеннен кейін жастар практикасына жіберілді. Біліктілігі төмен 110 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға тартылған. 16 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. 14 мың жұмыссыз азамат қысқа мерзімді оқуға жіберілді. 2021 жылы Жұмыспен қамту орталықтарына барлығы 432 мың адам жүгінген», – деді Дәулет Арғындықов.

Сондай-ақ, ЕРДО президенті Қазақстанда халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін жаңғырту және қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру, оның ішінде оларды электрондық форматқа көшіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Халықтың ХЖҚО-мен өзара әрекеттесуі мен тіркеу процесі жеңілдетілді. Жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына бірнеше арналар арқылы: ауыл әкімдері арқылы, телефон және электрондық пошта арқылы, Электрондық еңбек биржасы және электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады. Жұмыссыз ретінде тіркелу мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылды. Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету «бір өтініш» қағидаты негізінде проактивті форматқа ауыстырылды. Азаматтар үшін мансаптық жоспарлауға көшумен атаулы және жеке тәсілді қолдану қамтамасыз етіледі. Жұмыс берушілер үшін ХЖҚО бармай-ақ бос жұмыс орындарын тіркеудің жеңілдетілген және көп арналы тәртібі енгізілді», – деді Дәулет Арғындықов.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша пандемия жағдайында жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн-форматта көрсетуге көшу жүзеге асырылды. Бұл «цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын» құрудың бастапқы кезеңі.

2020 жылғы қарашадан бастап Электрондық еңбек биржасында азаматтар ХЖҚО-ға бармай-ақ, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жолдамалар алу бойынша қызметтерді электрондық форматта ала алады. 2021 жылы ЭЕБ-да 68 мың азамат жұмыссыз статусын алды, ал олардың 17,6 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарында жұмысқа кірісті. Әрбір бесінші жұмыссызға жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем Электрондық еңбек биржасына жүгінгенінен кейін тағайындалды.

Барлық жұмыспен қамту орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары құрылды, онда азаматтар ЭЕБ-да аталған қызметтерді өз бетінше пайдалана алады. ХЖҚО қызметкерлері онлайн көрсетілген қызметтер бойынша барлық сұрақтарға жауап береді.

«2021 жылдың соңына дейін Электрондық еңбек биржасында қызметтер тізбесі кеңейтілетін болады. Азаматтар «Еңбек» – «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларының жобалары бойынша жұмыс орындарына жолдамаларды электрондық форматта ала алады. Сондай-ақ, 2021 жылы ЭЕБ-да мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ұйымдастырудың бизнес-процесі автоматтандырылады. Жұмыс берушілер онлайн режимде уақытша жұмыс орнын құруға өтінім бере алады, ХЖҚО - мен шарт жасасып, қатысушылар туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталығына жібере алады», – деп хабарлады ЕРДО президенті.

Қазірдің өзінде ЭЕБ-ға азаматтар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оңтүстік өңірлерден солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бойынша консультация алуға онлайн өтінім жолдай алады, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларымен, қоныс аудару өңірлерімен, таңдалған елді мекендерде тұру жағдайларымен (мектептердің, ауруханалардың, спорт объектілерінің болуы және т.б.) және онда жұмыс берушілердің өзекті бос жұмыс орындарымен таныса алады. Қабылдаушы өңірдегі ХЖҚО өтініш берушімен мақсатты жұмыс жүргізіп, оған қоныс аударуға байланысты барлық мәселелер бойынша кеңес беруі керек.

«Қызмет көрсетуді қашықтықтан форматқа көшіру ХЖҚО жұмысын жетілдірудің келесі кезеңі болады. Ең алдымен, бұл жұмыспен қамту орталықтарының неғұрлым талап етілетін қызметіне – бейнебайланыс құралдарын пайдалана отырып, нақты уақытта мәселелердің кең спектрі бойынша жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге консультациялар беруге қатысты. Бұл жұмыс 2022 жылы жүргізіледі деп жоспарлануда. Халықты көбірек қамту және шалғай ауылдық елді мекендердегі қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін немесе интернетке шығу проблемалары бар адамдар үшін мобильді (жылжымалы) жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда», – деп толықтырды Дәулет Арғындықов.

Оның айтуынша, тағы бір маңызды міндет – Қазақстанда жұмыс іздеу және кандидаттар іздеу бойынша ірі интернет-ресурс – Электрондық еңбек биржасын тұрақты дамыту болып табылады. Оған барлық жұмыспен қамту орталықтары, 44 жеке жұмыспен қамту агентігі және жұмыс іздеу бойынша 5 интернет-алаң қосылған. Жыл сайын ЭЕБ-да жұмыс берушілер шамамен 800 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 600 мың түйіндеме орналастырады, биржа арқылы 400 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасады.

ЭЕБ-ның барлық қызметтері жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер үшін тегін көрсетіледі. Бүгінгі күні биржада келесі функционалдар іске асырылды:

  1. Деректердің дұрыстығын растау және кіріс нысандарын автотолтыру, мәліметтерді сәйкестендіру және беру бөлігінде порталды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жүзеге асырылды;
  2. Экономикалық қызметтің алуан түрлері бойынша 8 мың кәсіби дағдылардан және жеке дағдылардан тұратын Дағдылар банкі әзірленді. Бұл функционал жұмыс берушіге бос жұмыс орындарына қызметкерлерді тек талап етілетін кәсіп бойынша ғана емес, сондай-ақ оларда бар қажетті кәсіби дағдылар бойынша таңдауға көмектеседі;
  3. ЭЕБ арқылы мемлекеттік қызметке азаматтарды жұмысқа орналастырудың бизнес-процесін автоматтандыру үшін «Е-Қызмет» ИАЖ интеграциялау жүзеге асырылды. Бұл әлеуетті үміткерлердің мемлекеттік қызметте бос жұмыс орындарын іздеуге және құжаттарды тапсыруға қолжетімділігін едәуір кеңейтті;
  4. Денсаулық сақтау және білім министрліктерімен бірлесіп, оқу орындарының түлектерін жұмыс берушілердің, ең алдымен денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы бос жұмыс орындарына онлайн-режимде дербес бөлу жобасы іске асырылды.
  5. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесімен интеграция жүзеге асырылды. Жеке кабинетте жұмыс беруші қолданыстағы еңбек шарттарын тіркей алады немесе өз қызметкерімен электрондық еңбек шартын жасай алады. Бұл еңбек қатынастарын формализациялауды және азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.

«2021 жылғы 1 наурыздан бастап ЭЕБ жаңартылған форматта жұмыс істейді – порталда дизайн мен навигация жетілдірілді, бос жұмыс орындары мен түйіндемелерді іздеу кеңейтілді. 2021 жылғы 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі пайдалануға енгізілді. Бұл халықаралық іздеу жүйесі ЕАЭО-ның барлық елдеріндегі бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпаратқа қолжетімділік береді. Қазақстанның электрондық еңбек биржасынан басқа платформаға Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы ақпараттық жүйелері қосылған», – деді Дәулет Арғындықов.

ЭЕБ-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы оның негізінде бірқатар сервистерді біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа – skills.enbek.kz бірыңғай білім беру порталын, business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамалардың бірыңғай терезесін, қашықтықтан жұмыс істейтін мамандарға (фрилансерлерге) арналған платформа құруды көздейді.

«2021 жылдың шілде айында skills.enbek.kz онлайн оқыту алаңы іске қосылды, ол онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және Қазақстанның қажетті дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген азаматы үшін қолжетімді. «Еңбек Бизнес» кіші жүйесін іске қосу жоспарлануда, ол процесті автоматтандыруға және азаматтардан мемлекеттік қолдау шараларын алуға – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер немесе мемлекеттік гранттар алуға онлайн өтінімдерді қабылдауға арналған», – деп түйіндеді ЕРДО президенті.