С. Шәпкенов азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізді

С. Шәпкенов азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов министрліктік қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдау өткізді. Үш сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында Еңбекминінің басшысы 8 азаматтың мәселесін қарады.

Министрге көмек және кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының, Атырау және Қарағанды облыстарының тұрғындары жүгінді.

Қабылдау барысында көпбалалы отбасыларды қолдау, мүгедектігі бар адамдарды Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру және еңбек құқығын қорғау мәселелері қаралды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған Серік Шәпкенов олардың өтініштері бойынша егжей-тегжейлі жауаптар берді, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелер бойынша Еңбекминінің тиісті департаменттеріне өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге жәрдем көрсетуге тапсырма берді.