Әлеуметтік-еңбек саласы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланды

Әлеуметтік-еңбек саласы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің 7 мүшесін өкілеттіліктің қалған мерзіміне сайлау бойынша қосымша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 9 шілдесінде басталып, 26 шілдесіне дейін жалғасады.

Бұл конкурс «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруі, мемлекеттік органдар басшыларының сөз сөйлеуінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында жарияланды.

Қоғамдық кеңестің құрамы мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатарынан және конкурстық негізде «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңда белгіленген тәртіппен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады. Сандық құрамы – 19 адам.

18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңестің мүшелігіне үміткер бола алады.

Бұдан басқа, үміткерде:

- сотталғандығы заңда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған болмауға тиіс;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;

- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтар (аурулар) бойынша психикалық денсаулық саласындағы медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін мыналар ұсынылады:

- кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

- кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымдардан ұсыныстар және (немесе) азаматтардың өтініштері кандидаттың ТАӘ көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, өмірбаян деректері және оның жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріле отырып, жазбаша түрде жіберілуге тиіс.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында құжаттарды мынадай электрондық мекенжайларға жіберу қажет: n.zhansarinova@enbek.gov.kz, a.kabdullina@enbek.gov.kz. Құжаттардың қабылданғанына 8-7172-74-96-33, 8-7172-74-35-76, 8-7172-74-35-80 телефондары арқылы көз жеткізуге алуға болады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.