Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу Қазақстандағы зейнетақыларға қалай әсер етеді?

Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу Қазақстандағы зейнетақыларға қалай әсер етеді?

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің пайдасына 5 пайы змөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі.

Бұл нормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен қабылданды.

Жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын енгізудегі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, жұмысшылардың еңбек өтіліне сәйкес келетін лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

Осылайша, қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылып отырады: 10 пайызы – қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы – жұмыс берушінің ө зқаражаты есебінен зейнетақы жарналары.

Бұл жаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. ЖМЗЖ азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар негізінде жұмыс және қызмет көрсететін адамдарға; зейнеткерлік жастағы жеке тұлғаларға; әскери қызметшілер мен күштік құрылымдардың қызметкерлеріне; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға; өмір бойы ай сайынғы төлеммен қамтылатынотставкадағы судьяларға қолданылмайды.

Жұмыс берушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болып саналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат БЖЗҚ активінде болады және зейнеткерлер арасында қайта бөлінеді.

Еңбек шарттары мен жалақы мөлшері еңбек шартында қарастырылғандықтан жұмысшылардың жалақысын төмендетуге себеп болмауы керек екендігіне назар аударамыз.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шартына кез-келген өзгертулер тек қызметкер мен жұмыс берушінің өзара келісімі бойынша ғана енгізілуі мүмкін.

Еңбек құқығы бұзылған жағдайда, қызметкер жұмыс орнындағы еңбек инспекциясына немесе Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне 74-34-91, 74-35-72 (Еңбек қатынастары басқармасы) арқылы хабарласуға құқылы.

ЖМЗЖ енгізу жөніндегі нормаларды іске асыру үшін ЖМЗЖ есептеу және аудару жөніндегі, сондай-ақ ЖМЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі тетіктерді көздейтін тиісті Ережелер әзірленді. Ереже жобалары Министрліктің сайтында орналастырылған(https://www.enbek.gov.kz/ru/node/360804; https://www.enbek.gov.kz/ru/node/360919).

Мысал үшін еңбек өтілі 33 жыл еңбекақысы 172 мың теңге (бүгінгі күні орташа жалақы) қызметкерді алайық.33 жыл ішінде инвестициялық табысты есепке ала отырып, қызметкердің жалақысынан 10 пайыздық зейнетақы жинақтары шамамен 12,7 млн.теңгені құрайды.Бұл орайда, жалақының өсуі ескерілмейді. Еңбек демалысына шыққан кезде қызметкердің зейнетақысы 140 мың теңгені құрайды, оның ішінде жинақтау -110 мың теңге, базалық - 30 мың теңге.

Алайда, мұндай жағдайда жұмыс берушінің жарнасын енгізу есебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің зейнетақысы 50 мың теңгеге ұлғайып, 190 мың теңгені құрайды.

Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 85 697 теңгені құрап отыр, оның ішінде базалық зейнетақы – 26 978 теңге, ортақ зейнетақы – 58 719 теңге.