50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажеттілігі туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады

50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажеттілігі туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуі міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз.