Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылғы шілде айының 11-не дейін әлеуметтік-еңбек саласы бойынша кеңес құрамынан шыққан кеңес мүшелерінің орнына Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлауға конкурстың жалғасатынын хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен құжаттардың тізімі сайттың «Қоғамдық кеңес» бөлімінде орналастырылған.